Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Барселона» клубының мүшесі кенеттен қайтыс болды

09.03.2025, 01:57

Өлімнің нақты себебі айтылған жоқ

«Барселона» клубының мүшесі кенеттен қайтыс болды
Getty Images

Испания Ла лигасының 27-туры аясында жоспарланған «Барселона» – «Осасуна» арасындағы матч өтпейтін болды. Бұған себеп – каталондық команда дәрігерінің кенеттен қайтыс болуы.

Матч 8 наурызда кешке өтуі тиіс болған. Алайда, «Барселона» өкілдері ойынды кейінге шегеруді сұрап, мұны командада қайғылы жағдайдың болуымен түсіндірген. Артынша, дәрігердің көз жұмғаны туралы ақпарат клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

– «Барселона» футбол клубы бірінші команданың дәрігері Карлес Миньярро Гарсияның қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды жариялауға мәжбүр. Соның салдарынан «Барселона» – «Осасуна» матчы кейінге шегерілді», - делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, каталондық клуб қазіргі таңда Ли Лиганың көшін бастап келеді. Команда 26 матч өткізіп, 57 ұпай жинаған. «Осасуна» болса 33 ұпаймен 11-сатыда келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам