Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан футбол чемпионаты 2025 маусымында жаңа атауға ие болады

Бүгін, 12:30

Қазақстан футбол федерациясы мен бұған дейін ел чемпионатының титулдық серіктесі болған Olimpbet ұлттық біріншіліктің нейминг құқығын Федерацияның жаңа серіктесіне беру туралы келісімге келді.

Қазақстан футбол чемпионаты 2025 маусымында жаңа атауға ие болады
Фото ашық деректен

Бұл шешім елдегі футболды дамыту үшін қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

«Чемпионаттың нейминг құқығын беру Федерация үшін маңызды қадам болды, өйткені бұл жаңа серіктес тартуға мүмкіндік ашады. Бұл ретте Olimpbet компаниясы қаржылай демеушілігін сақтап қалды, бұл оның футболды дамытуға деген адалдығын көрсетеді. Мұндай шешім ұлттық біріншіліктің қаржылық негізін нығайтып қана қоймай, оның одан әрі дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті ҚФФ вице-президенті Давид Лория.

Нейминг құқығын тапсыру Федерацияға серіктестер мен қосымша ресурстар тартуға мүмкіндік береді. Бұл ресурстар инфрақұрылымды жақсартуға, жасөспірімдер футболын дамытуға және Қазақстан премьер-лигасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталмақ.

«ҚФФ-ға өршіл мақсаттары бар, жаңа идеялармен және қазақстандық футболды қалай дамыту керектігін айқын түсінетін команда келді. Жаңа деңгейге көтерілу үшін ауқымды инвестициялар мен жүйелі жұмыс қажет. Біз нейминг құқығын беру туралы шешім қабылдадық, себебі Федерация ұлттық футболды дамыту үшін қосымша қаражат тартсын», – деп түсіндірді Olimpbet компаниясының даму жөніндегі директоры Абзал Қалиев.

Чемпионаттың атауындағы өзгерістерге қарамастан, Olimpbet қазақстандық футболдың негізгі серіктесі болып қала береді және инвестициялар мен белсенді маркетинг бастамалары арқылы футболды қолдауын жалғастырады.

Соңғы төрт маусымда ұлттық біріншілік өз позициясын айтарлықтай нығайтты: 2021 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан премьер-лигасы ойындарының көрермен саны үш есеге жуық өсті, VAR бейне төреші көмегі жүйесі енгізілді, ал ұлттық біріншіліктің трансляциялары жанкүйерлер үшін қолжетімді бола түсті – олар Qazsport ұлттық арнасынан көрсетіле бастады.

ҚФФ мен Olimpbet арасындағы жаңа келісім қазақстандық футболдың әрі қарай дамуына, халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және салаға жаңа инвесторлар тартуға берік негіз қалайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам