Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Қуат Хамитов қазақ футболшыларын тағы келеке етті ме?

04.01.2024, 10:40

Ол бұған дейін де отандық футболды өткір сынап келген

Қуат Хамитов қазақ футболшыларын тағы келеке етті ме?
Esquire.kz

Қазақстандық MMA файтері Қуат «Найман» Хамитов француз футболшысы Килиан Мбаппеге тамсана отырып, футболдағы «қапшықтарды» сынап өтті.

Есте болса, соңғы әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Франция құрамалары кездесіп, матчтың негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталған болатын. Француздар тарапынан үш голды да Килиан Мбаппе соққан. Алайда, ойын соңынан кейінгі пенальтиде Аргентина жеңіске жетіп, әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Ал, Мбаппе болса кейіннен сұхбат беріп, хет-трикті 1:0 деген жеңіс есебімен алмастырғысы келетінін айтқан.

Француз футболшысының осы сөзіне тамсанған Қуат Хамитов оны мақтай отырып, отандық футболшыларды келеке еткендей көрінді.

«Чемпиондардың менталитеті осындай болады. Ал, қапшықтардың менталитеті: бәлкім біздің жолымыз болып, топтан шығып қалармыз», деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық файтер бұған дейін де Қазақстан футболын өткір сынап келген. Ол футболшыларға миллиондаған жалақы төленуіне қарсы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам