Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Қазақстан футболшысы «Ахмат» клубының сенімін ақтай алмады

05.01.2024, 16:24

Ол өзі қалаған клубқа бара алады

Қазақстан футболшысы «Ахмат» клубының сенімін ақтай алмады
ФК Ахмат

Ресейдің «Ахмат» футбол клубының директоры Руслан Газаев қысқы трансферлік маусымда команда қатарынан кететін ойыншылар туралы айтты. Олардың қатарында қазақстандық легионер Марат Быстров та бар.

Клуб басшысы М.Быстровпен келісімшарт екі тараптың өзара келісімі бойынша бұзылатынын жеткізді. Ендігі кезекте ол өзі қалаған жаңа командаға еркін агент ретінде қосыла алады.

Ал, футбол агенттері Қазақстан футболшысының трансферлік құнын 1 млн еуродан төмен бағалаған. Ол шамамен 700 мың еуроға өтуі мүмкін.

Отандасымыз «Ахматтың» сапында 7 ойын ғана өткізді. Алайда, ол Грозный клубында жарқырай алмады. Соның салдарынан клуб тарапы одан ерте құтылудың қамына кіріскен сыңайлы.

Айта кетейік, Марат Быстров Қазақстан чемпионаты аясында «Астана», «Тобыл», «Ордабасы» секілді клубтарда доп тепті. Кейін Ресейдің «Металлург», «Челябинскісінде» ойнап, бертінде шешендердің бетке ұстар командасының қатарына қосылған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам