Танымал футболшы Дани Алвес ақталып шықты

28.03.2025, 16:17

Оған түнгі клубта қыз зорлады деп айып тағылған

Танымал футболшы Дани Алвес ақталып шықты
Copyright 2024 The Associated Press

2024 жылғы ақпанда «Барселона» мен Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы түнгі клубта қыз зорлады деген айыппен 4,5 жылға сотталған. Бүгін Каталонияның Жоғарғы соты футболшының апелляциясын қанағаттандырды

Сот мәлімдемедесінде құқықтық органның «2022 жылғы желтоқсанда Барселонадағы түнгі клубта жас әйелге қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін сотталған футболшының апелляциялық шағымы бірауыздан қанағаттандырылғаны» көрсетілген

Былтыр наурыз айында аяқдоп шебері 14 айын темір тордың ар жағында өткізген соң 1 миллион еуро кепілдікпен түрмеден босатылған еді.

Дани Алвес – тарихтағы ең титулы көп футболшылардың бірі, оның еншісінде 43 кубок бар. Ол Испанияның алты дүркін, Францияның екі дүркін және Италия чемпионы атанды. Чемпиондар лигасын үш рет, УЕФА кубогын екі рет, ал УЕФА Суперкубогын үш рет жеңіп алған.

Бразилия құрамасы сапында ол екі мәрте Конфедерациялар кубогында (2009, 2013) және Америка кубогында (2007, 2019) топ жарып, 2021 жылы Олимпиада чемпионы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам