Бұл оқиғаны қазақтардың көбі білмейді. Жаңа ЖБ Шоу!

Жәнібек Әлімханұлы франциялық боксшыны нокаутпен жеңіп, чемпиондық титулдарын қорғады (ВИДЕО)

06.04.2025, 01:37

Ол осымен 17-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр

Жәнібек Әлімханұлы франциялық боксшыны нокаутпен жеңіп, чемпиондық титулдарын қорғады (ВИДЕО)
Nomad Promotions

Кәсіпқой бокстан орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) Астанада өткен бокс кешінде чемпиондық титулдарын қорғады.

Отандасымыз франциялық боксшы Анауэль Нгамиссенгемен (14-1, 9 КО) жұдырықтасып, бесінші раундта оны ауыр нокаутқа жіберді. Бірінші раундта рефери французға қарсы бір рет нокдаун санаған болатын.

Осылайша Жәнібек кәсіпқой бокстағы 17-ші жеңісіне қол жеткізді (12-сі нокаутпен). Ол мүлдем жеңіліп көрмеген. Ал, Нгамиссенге болса алғаш рет жеңіліп отыр. Бұған дейін франциялық боксшы 14 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен (9-ы нокаутпен).

Айта кетейік, Астанадағы бокс кешінде ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхандар, Балауса Мұздыман, Сұлтан Зауырбек және Батыр Жүкембаев жекпе-жек өткізді. Олардың бәрі жеңіске жетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам