
Белгілі дзюдошымен күйзелісті жеңіп көр
Қазіргі уақытта еш уайымсыз өмір сүретін адам жоқ. Стресске төзімді адамдар бар, бірақ бәрібір әр адам ерте ме, кеш пе белгілі бір себептерге байланысты әлде бір күйзелісті бастан кешіреді.
Біз спортшы, блогер және 1xBet компаниясының амбассадоры Әйгерім Әбілқадыровадан кеңес сұрап, ол өмірінде стрессті қалай жеңетінін білдік.
Сәлем, Әйгерім. Спортшы, блогер, танымал тұлға болу – моральдық және физикалық тұрғыдан өте қиын. Күнделікті күйбең тіршілігіңді қалай жеңіп, үнемі көңілді болып жүресің?
Сәлем! Расында, бір уақытта әрі спортшы, әрі блогер болу оңай емес. Бір жағынан – физикалық жүктеме, режим, жаттығу, екінші жағынан – интернеттегі белсенділік, контент, пікірлер, сандар… Менің нақты бір шешімім жоқ, бірақ стрессті жоғалтпай, өзіңді табуға көмектесетін бірнеше әдісім бар:
Соңғы рет қашан күйзелістен шаршаған кезің болды?
Қазір нақты есімде жоқ, бірақ бірнеше жыл бұрын ештеңеге зауқым болмай, біраз уақыт блог пен спорттан «демалысқа» кеткім келді. Дегенмен, әлеуметтік желілерден үзіліс алып, өзіме уақыт бөлу тез көмектесті.
Сені не тыныштандырады?
Мені спорт тыныштандырады. Бір қарағанда, мен спортшымын, демек, спорт – жұмысым. Бірақ қазір ол мен үшін хобби және демалыс орны іспеттес. Міндетті түрде спортпен шұғылдану шарт емес, оны көріп, эмоция сезінуге де болады. Әрине, сүйікті командаң ұтылғанда жағымсыз сезім болады, бірақ мен ешкімге шектен тыс жанкүйер болмауға тырысамын, тек ойынды тамашалаудан ләззат аламын.
Айгерім блогер ретінде спорт және әсіресе жекпе-жек өнерінің жанкүйерлері арасында өте танымал болды. Ол RFC командасының шулы әлеуметтік бейнеролигіне қатысып, онда ерлер мен әйелдер арасындағы «жекпе-жек» көрсетілді. Жобаның әлеуметтік жарнамасы қыздарға қатысты зорлық-зомбылық көріністерін бейнелеп, интернет кеңістігінде үлкен резонанс тудырды. Сонымен қатар, Айгерім 1XBET компаниясының атынан «Үздік амбассадор» номинациясы бойынша спорттық сыйлықтың финалисті және үміткері болып табылады.