Баходир Жалоловтың болашағы жоқ, мансабына нүкте қойылды – сарапшы

Telegram WhatsApp

Оның соңғы жекпе-жегін сынап жатқандар саны көп

Nomad Promotions
Nomad Promotions

Астанада өткен кәсіпқой бокс кешінде Өзбекстанның ең даңқты боксшыларының бірі Баходир Жалолов украиналық қарсыласын төрешілердің шешімі бойынша жеңген болатын. «Matveev | MMA & Boxing» телеграм-каналы осы жекпе-жекті талдап, Жалоловтың кәсіпқой бокста болашағы жоқ деген қорытындыға келіпті.

Еске салайық, Баходир Жалолов әуесқой бокс пен кәсіпқой боксты қатар алып жүрді. Әуесқойда ол Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанса, кәсіпқойда кешеге дейін 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде нокаутпен жеңіске жетті.

«Бүгін екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловтың кәсіпқой бокстағы жекпе-жегін көрдім. Бұл — масқара!

Нағыз әуесқой бокстың мәнері — секірді де жүрді, алға-артқа ғана қозғалады, алыстан қосарланған соққылар жасап, кейде әлсіз джебпен шектеледі. Секіріп, секіріп шаршады. Жекпе-жекті қарсыласын құшақтап, клинчте ілініп жүріп аяқтады. Ал қарсыласы салмақ өлшеу рәсімі кезінде Қазақстанға келіп те үлгермеген еді. Яғни, ешбір дайындығы бір джорнименді әкеле салды. Ол бейімделіп те үлгерген жоқ. Соған қарамастан төзімділік жағынан ол Олимпиада чемпионынан артық екенін көрсетті — өйткені ол секірмей, жай ғана блокта қысым көрсетті.

Айтпақшы, қарсыласының бойы 190 см, ал салмағы 135 кг болған. Қандай «колобок» екенін елестетіп тұрған шығарсыздар.

Мен Жалоловтан болашақ көріп тұрғаным жоқ. Америкаға жақсы бапкерге барып, стилін қайта құрып, кәсіпқой боксқа ертерек өтуі керек еді. Ол әуесқой бокста тым ұзақ жүріп қалды.

114 келілік ауыр салмақтағы боксшыға үнемі артқа-алға қозғалу тактикасын кім беріп жүр?»

деп жазды телеграм-каналдың авторы

Еске салайық, Астанада Баходир Жалолов украиналық Игорь Шевадзуцкий есімді боксшымен жұдырықтасты. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасып, өзбек боксшысының жеңісімен аяқталды.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 690 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 119 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 475 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 137 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 123 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›