Қазақстандықтардың сүйікті бапкері Магомед Адиев Ресейде қалатын болды

17.04.2025, 09:59

Оның «Атырауға» бас бапкер болуы мүмкін екені бұған дейін айтылған

Қазақстандықтардың сүйікті бапкері Магомед Адиев Ресейде қалатын болды
ҚФФ

Ресейлік «Химки» футбол клубына қатысы бар бизнесмен Туфан Садыгов «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиевтің Мәскеу іргесіндегі команданың тізгінін ұстауына қатысты пікір білдірді.

Сәрсенбі, 16 сәуір күні, ресейлік маман командаға ресми түрде таныстырылды. Ол 15 сәуірде отставкаға кеткен Франк Артиганың орнын баспақ.

— Адиевпен жасалған келісімшарт қанша уақытқа есептелген?

— Келісімшарт мерзімі — бір жыл. Бұл — өте жақсы маман. Ол Қазақстанда да, «Ахматта» да өзін жақсы қырынан көрсетті. Артигаға деген құрметім бөлек, дегенмен басшылықтың Адиевті тағайындауы — дұрыс шешім деп ойлаймын. Естеріңізде болса, маусым басында «Ахмат» пен «Химки» 3:3 есебімен тең ойнап еді. Ол кезде Адиевтің командасы 0:2 болып ұтылып жатып, есепті теңестірді.

Айта кетейік, 2024/25 жылғы Ресей чемпионатының 24-туры нәтижесі бойынша «Химки» 23 ұпаймен турнир кестесінің 12-сатысында тұр.

Қазақстан құрамасы болса Магомед Адиевпен өзінің ең үздік нәтижесін көрсетіп, Ұлттар лигасының топтық кезеңінде бірінші орын алған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам