«Еркектің басына нелер келіп, не кетпес»: Абат Айымбетов мәлімдеме жасады

20.04.2025, 12:15

Ол жаңа маусымда өзге клубқа ауысуы мүмкін

«Еркектің басына нелер келіп, не кетпес»: Абат Айымбетов мәлімдеме жасады
Адана Демирспор

Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов өнер көрсететін «Адана Демирспор» клубы Түркия чемпионатының бірінші дивизиона түсіп қалды. Суперлиганың соңғы ойындарының бірінде аданалықтар «Трабзонспор» клубынан 0:1 есебімен жеңілді.

Онсыз да турнирлік кестенің соңғы сатысында келе жатқан «Адана» енді Сурерлигадан үмітін біржола үзді. Ал, осы жеңілістен кейін Абат Айымбетов жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады.

«Көп қызықты бастан өткердім. Ер адамның басына нелер келіп, не кетпес. Қалай болғанда да намысымызды жоғалтпай, мықты болайық», - деп жазды Абат.

Айта кетейік, Абат Айымбетов осы маусымда «Адана Демирспор» сапында 23 матчқа қатысып, 4 гол соқты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам