Абдукодир Хусанов Италияның ең танымал клубына ауысуы мүмкін

Бүгін, 11:03

Хуманов пен бас бапкердің арасына сызат түскен

Абдукодир Хусанов Италияның ең танымал клубына ауысуы мүмкін
Getty Images

Ағылшынның «Манчестер Сити» клубының қорғаушысы Абдукодир Хусанов жазда команда ауыстыруы мүмкін. Соңғы бес ойында футболшы қосалқы құрамда қалып, алаңға шығып жүрген жоқ.

БАҚ өкілдерінің жазуынша, «Манчестер Сити» өзбекстандық ойыншыны жалға беруді жоспарлап отырған көрінеді. 21 жастағы футболшыға Италияның атақты «Ювентусы» қызығушылық танытып отыр екен.

Туриндік клуб қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап, Хусановты орталық қорғаушыға басты үміткер ретінде қарастыруда. Оның үстіне, «Ювентус» үшін Хусанов қай жағынан да қолайлы, жалақысы да салыстырмалы түрде төмен әрі жалға алу мүмкіндігі де бар. Соңғы кездері италиялық команда қаржылық қиындықтарға тап болып, жазғы трансферлік кезеңде көп қаражат шығындамау жағын қарастырып жатыр.

Хусановты «Манчестер Сити» биыл жыл басында «Ланстан» 40 млн еуроға сатып алды. Оның клубтың бас бапкері Хосеп Гвардиолаға жақпай қалғаны айтылуда.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам