«Қайрат» футзал клубының бас бапкері қызметінен кетеді

06.05.2025, 11:36

Ол енді Испанияның «Viña Albali Valdepeñas» клубын жаттықтырады

«Қайрат» футзал клубының бас бапкері қызметінен кетеді
ҚФФ

«Қайрат» командасының бас бапкері Марлон Веласко маусым соңында алматылық клубпен қош айтысады. Бұған дейін испаниялық маманның кететіні жайлы бейресми ақпарат тараған еді. Бүгінде клуб Веласкомен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. Келесі маусымнан бастап ол Испанияның «Viña Albali Valdepeñas» клубын жаттықтырады.

Марлон Веласко «Қайратқа» 2023 жылдың жазында келген болатын. Ол командамен бірге 2024 жылғы Қазақстан кубогы мен 2024/2025 жылғы Суперкубокты жеңіп алды. Алайда өткен маусымда ел чемпионы атағын ала алмады. Сонымен қатар, Веласко соңғы 20 жылда «Қайратты» баптаған бразилиялық емес алғашқы жаттықтырушы болды. Оның басшылығымен алматылық ұжым 2021 жылдан бері алғаш рет футзалдан Чемпиондар лигасының төрттік финалына жолдама алып, күміс жүлдеге ие болды.

Клуб Марлон Веласкоға Қазақстан футзалына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, алдағы жаттықтырушылық мансабына табыс тіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам