Ресейлік маман ҚПЛ клубын жаттықтыруы мүмкін

12.05.2025, 17:31

48 жастағы Дмитрий Пятибратов бұл ақпаратты растады

Ресейлік маман ҚПЛ клубын жаттықтыруы мүмкін
© РИА Новости / Алексей Филиппов

«ЖаркOFF» телеграм-арнасының хабарлауынша, ресейлік маман Дмитрий Пятибратов Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) бір командасына бас бапкер болып тағайындалуы мүмкін.

48 жастағы бапкердің өзі бұл ақпаратты растап, жұмыс бойынша Қазақстаннан агенттер мен клуб өкілдері хабарласқанын алға тартты.

Алайда ол нақты қандай командалар екенін ашып айтпай, әзірге ресми ұсыныстар түспегенін жеткізді. Дегенмен кез келген ұсынысты қарастыруға дайын екенін білдірді.

Пятибратов қазақстандық футболмен аз-кем таныс. 2008 жылғы маусымда ол Павлодардың «Ертіс» клубында екі ойын өткізіп, ауыр жарақат алып қалған.

Бас бапкер ретінде ол Ресейдің «Сочи», «Чайка» және «Факел» клубтарында жұмыс істеген. Соңғы қызметінен — «Факел» командасынан — биылғы 30 наурыз күні өз еркімен кеткен болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам