Қазақ боксшыларының Нидерландтағы алғашқы қарсыластары кім

06.06.2025, 09:15

Турнир 6-9 маусым аралығында өтеді

Қазақ боксшыларының Нидерландтағы алғашқы қарсыластары кім
Спортты дамыту дирекциясы

Нидерландтың Эйндховен қаласында өтетін халықаралық Eindhoven Box Cup турнирінде қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды.

50 кг салмақта ел намысын қорғайтын Даниял Сабит украиналық Максим Рудикпен кездеседі.

55 кг салмақта Махмұд Сабырхан өз жекпе-жегін тағы бір украиналық спортшы Максим Зименкоға қарсы өткізеді.

60 кг салмақта Ерхан Тұрдан мен Расул Гулиев (Украина) қолғап түйістіреді.

65 кг санатында Ертуған Зейнұллинов швед боксшысы Хилаль Салехпен рингке шығады.

70 кг салмақта тәжірибелі боксшымыз Абылайхан Жүсіпов литвалық Александр Трофимчукпен күш сынасады.

75 кг санатында Сабыржан Аққалықов уэльстік Орландо Холли-Сотомиге қарсылас атанды.

80 кг салмақта Ерасыл Жақпеков Нидерланд өкілі Иво Пеллебурмен жекпе-жекке шығады.

85 кг салмақта Дәулет Төлемісовтің қарсыласы әлі нақты емес. Ол не Валерий Вальтермен (Германия), не Идрис Леганаспен (Бельгия) кездесуі мүмкін.

90 кг салмақта Сағындық Тоғамбай босниялық Дакай Альбонмен қолғап түйістірмек.

90+ кг ауыр салмақта Нұрлан Сапарбай германиялық Мервель Биндаға қарсы шығатын болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам