«Ойыны нөл». Беларусь жанкүйерлері Қазақстанмен ойынға баға берді

06.06.2025, 13:03

Матчта ұлттық құрамамыз оңбай ұтылып, жанкүйерлердің үмітін ақтай алмады

«Ойыны нөл». Беларусь жанкүйерлері Қазақстанмен ойынға баға берді
ҚФФ

Беларусь құрамасының жанкүйерлері Қазақстанмен өткен жолдастық матчтағы (4:1) айқын жеңіске қатысты пікір білдіріп жатыр. Біз «Белорусский Футбол» паблигінде жарияланған бірқатар жазбаны назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Матчта ұлттық құрамамыз оңбай ұтылып, жанкүйерлердің үмітін ақтай алмады. Есесіне белорустар футболшыларының өнеріне көңілі толып, қонақтарды біраз сынап тастапты.

«Мұндай матчтарда жеңіске жеткіміз келетіні анық». «Құрамаға қарап іштей қуанып отырмын: қорғаныста отырмаймыз, қимылымыд ширақ, нәтиже де бар».
«Тура бразилиялықтар сияқты ойнадық».
«Бұл Беларусь құрамасы екеніне сену қиын. Бізге дәл осындай футбол керек».
«Бүгінгі қарсылас бабында емес».
«Жеңіс — толықтай заңды. Команданың ойынында бапкерлік жұмыстың ізі анық байқалды».
«Объективті қарасақ, ойын аса жоғары деңгейде өткен жоқ. Қазақстандықтар ештеңе көрсете алмады. Ойыны нөл ғой».
«Браво! Бірақ өз деңгейімізді Ресеймен болатын матчта көрсетуіміз керек».
«Соңғы кездердегі құраманың ең үздік матчтарының бірі».
«Ұтылсақ — әлсізбіз. Ұтсақ — қарсылас әлсіз» дейміз. Бірақ бүгін олар шынымен де әлсіз көрінді, себебі біз ұжымдық ойын жағынан да, жеке шеберлік жағынан да әлдеқайда мықтырақ болдық».
«Қайта көрсетілімдерде қазақстандықтардың аяғын тартып ойнағаны байқалды».

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам