Қазақстанның біраз футболшысы Әли Әлиевке бойкот жариялаған – БАҚ

07.06.2025, 03:04

Бас бапкер биыл қаңтар айында ұлттық құраманың тізгінін ұстаған еді

Қазақстанның біраз футболшысы Әли Әлиевке бойкот жариялаған – БАҚ
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ішкі атмосферасы аса жақсы емес көрінеді. Бұл туралы Aladop.kz порталы жазды. Өйткені кей футболшыларға бас бапкер Әли Әлиевтің жұмысы ұнамайды.

«Ұлттық құрама ішіндегі ситуацияға жақын дереккөздің мәлімдеуінше, қазір ондағы көңіл-күй керемет емес екен. Дәлірек айтқанда, кей футболшылар қазіргі жаттықтырушының қоластында доп тепкісі келмейтінге ұқсайды. Мәселен, алдағы екі матчтың негізгі тізімінен жарақатына байланысты тыс қалды делінген Рамазан Оразовтың өзі де құрама жейдесінде доп тебуге қатты құлықты емес дейді. Ал, Абат Айымбетов тіпті құрама өкілдерінің соңғы қоңырауына жауап бермеген көрінеді. Енді мұның астарында не жатыр? Әли Ханәліұлы мен қазақстандық футболшылардың арасына не түсті? Бас бапкер футболшылардың тілін таба алмай жүр ме жоқ мұның басқа да бір себебі бар ма?», - деп жазды басылым.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 5 маусымда Беларусьпен жолдастық кездесу өткізіп, 1:4 есебімен ойсырай жеңілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 9
Күлкілі 1
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам