Бек Нұрмағанбет Эр-Риядта Александр Усикпен кездесті
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет 31 қазанда Эр-Риядта өтетін жекпе-жек алдында украиналық боксшы Александр Усикпен жүздесті. Кездесу барысындағы әңгіме видеосын «Канелоның» No Boxing No Life менеджерлік компаниясы жариялады.
Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген Нұрмағанбет (16-0, 14 КО) алдағы жекпе-жекте Сауд Арабиясының өкілі Маркос Васкеспен (21-3-1, 10 КО) кездеседі. Айқас «Мексика әлемге қарсы» форматындағы бокс кешінде өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Сауль «Канело» Альварес пен Кристиан Мбилли WBC нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Бек Нұрмағанбет соңғы жекпе-жегін 25 шілдеде Алматыда өткізіп, ресейлік Артыш Лопсанды нокаутпен жеңген еді.