Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов те, Диёра Келдиёрова да Абу-Даби турнирінде жеңілді

Ғұсман Қырғызбаев бұл турнирде небәрі жетінші орын алды

olympic.kz
olympic.kz

Бүгін Абу-Дабиде басталған Гранд Слэм турнирінде Елдос Сметов ширек финалға дейін жетсе, оның салмағындағы тағы бір қазақ балуаны Талғат Орынбасар жартылай финалда жеңіліп қалды.

60 келіде белдескен Сметов Абу-Даби Гранд Слэмінің ширек финалында әзербайжандық Балабай Агаевқа есе жіберді. Енді Елдос жұбаныш белдесуінде украиналық Артем Лесуктен басым түссе, турнирдің қола жүлдесі үшін Талғат Орынбасармен белдесетін болады.

Іріктеу бәсекесінде Елдос Сметов тәжікстандық Мехрзод Суфиевті, екінші кезеңде қытайлық Юлинь Маны жеңген еді. Ал Талғат Орынбасар жарысты екінші айналымнан бастап, ресейлік Турпал Хабибулаевты, ширек финалда Англия өкілі Чарли Ауреден айласын асырды.

Бұдан бөлек, Ғұсман Қырғызбаев бұл турнирде 66 келіде белдесіп, ширек финалда тәжікстандық Искандер Махмадкожазадеге жол берді. Өкінішке қарай, отандасымыз жұбаныш белдесуінде әзірбайжандық Рашад Элькиевтен жеңіліп, турнирді 7-ші орынмен аяқтады.

Аталған сынға Париж Олимпиадасының чемпионы Диёра Келдиёрова да қатысқан болатын. Өзбекстандық балуан қыз іріктеу бәсекесінде мексикалық Паулина Мартинесті жеңгенімен, екінші айналымда Израиль дзюдошысы Гефен Примодан өте алмай, жүлдесіз қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам