Дастанды сақтайық, оған қазір 35 жастағы жігіттің жүктемесі беріліп жатыр – Самат Смақов

Бүгін, 01:05

Ол екі жылдан кейін «Челси» сапына ауысады деп күтілуде

Дастанды сақтайық, оған қазір 35 жастағы жігіттің жүктемесі беріліп жатыр – Самат Смақов
prosports.kz

Талдықорғанның «Жетісу» футбол клубының бас бапкері және Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов Sports24.kz порталына берген сұхбатында Алматының «Қайрат» командасының 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді.

Ол футболшыға өз жасынан артық жүктеме беріліп жатқанын айтты.

«Мен Дастанды алты жасынан білемін, ата-анасын да жақсы танимын. Баласын түрлі телешоулар мен көпшілік іс-шаралардан аулақ ұстасын деп әке-шешесіне ескертіп отырамын. Дастанның кәсіби ойыншы екеніне еш күмәнім жоқ, бірақ мені алаңдататыны — оны барлық майданға тастап жатыр. Дастан чемпионатта, еурокубоктарда, ұлттық және жастар құрамасында ойнап жүр. «Локомотивте» Марат Измайлов деген ойыншы болғанын еске алыңыздаршы. Оны барлық турнирге қатар қосты да, ақыры жігіттің карьерасы сәтсіз болды. Дәл осындай жағдай «Спартакта» ойнаған Федор Черенковте де қайталанды. Қазір 16 жастағы Сәтпаевқа 35 жастағы ер адамдармен бірдей жүктеме беріліп жүр. Ал Дастанның ағзасы әлі де өседі, сүйектері қатаймаған. Сондықтан мұндай жүктеме керек емес. Жалпы алғанда, Дастан — жарап тұрған бала, істеген ісіне деген қарым-қатынасымен ойынға лайық екенін дәлелдеп жүр. Бірақ мен ұлттық құрамада ойнауы әлі ерте деп санаймын. Жастар құрамасы сапында Андоррамен ойнағаны дұрыс шешім болды. Қатарластарымен бірге ойнап, шымырлана түссін. Ұлттық құрамада ойнайтын уақыты әлі алда. Бір сәтте бәрін құртып алу оңай, ал кейін кеш болады», — деді Смақов.

Жасына қарамастан, Сәтпаев қазақстандық футболда айтарлықтай көзге түсіп үлгерді. «Қайраттың» бапкерлер құрамы оның дарынын сақтықпен дамытып, шаршау мен күйіп кету синдромының алдын алуға тырысып жатқаны айтылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам