
Футболдағы жолын ол «Тобылда» жалғастырады
Футбодан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген ұлттық құрама сапындағы соңғы ойынын өткізді.
Асхат Солтүстік Македониямен өткен ойыннан соң ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтыны белгілі болды. Бұл кездесу Тағыбергеннің құрама жейдесіндегі 63-матчы болатын.
Асхат Қазақстан ұлттық құрамасында алғашқы рет Юрий Красножанның жетекшілігімен 2014 жылғы 7 маусымда Будапештте Венгрия құрамасына қарсы жолдастық матчта дебют жасады. 2016 жылы құрамаға оны бас бапкер Талғат Байсуфинов, ал 2017 жылы Александр Бородюк шақырды. Бес жыл ішінде ұлттық құрама сапында 23 ойын өткізіп, бірде-бір гол соққан жоқ. Ал 2023 жылы Дания құрамасының қақпасына алыстан соққан голымен ұлттық құрамадағы алғашқы голын тіркеді. Дәл осы голы Пушкаш сыйлығына үміткер болды.