Роналдудың бұрынғы оққағары қалай байып кеткенін айтты

10.06.2025, 12:11

Әлемге әйгілі жұлдыздың экс-күзетшісі құпиясын ашты

Роналдудың бұрынғы оққағары қалай байып кеткенін айтты
ua.tribuna.com

Криштиану Роналдудың бұрынғы жеке күзетшісі Хичман Бухари әйгілі футболшыны қорғағаны үшін қанша жалақы алғанын айтты.Бұл туралы Championat порталы жазды.

Басылымның жазуынша, португалиялық жұлдыздың экс-күзетшісі Бухари күн сайын 1000 еуро (шамамен 581 мың теңге) табыс тапқан. Осылайша, ол Роналдуды қорғаған жылдары 1,5 миллион еуроға (871,5 миллион теңге) жуық қаржы тапқан.

Айта кетерлігі, марокколық күзетші Роналдудың қауіпсіздік тұрғысынан аса қиын клиент болмағанын мойындады.

«Біздің жұмыс клиенттің профиліне байланысты. Мен Криштианумен төрт жыл жұмыс істедім. Ол аса қауіпті санатқа жатпайтын, өйткені оны өлтіргісі келгендер немесе тікелей өлім қаупі төндіргендер болмады. Көбіне фанаттар немесе тонамақ болған адамдардан қауіп туындайтын. Кейде папарацци немесе фанаттармен байланысты ақымақтық оқиғалар болып тұратын, бірақ ешқандай елеулі қауіп болған жоқ. Ол — мен жұмыс істеген ең керемет бастық», – деп келтіреді Бухаридің сөзін испан тіліндегі басылымдар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Криштиану Роналду тарихтағы ең көп табыс тапқан спортшылардың тізіміне енген еді. Ол бұл тізімде Майкл Джордан мен Тайгер Вудстан кейін үшінші орынға жайғасты. Роналдудың байлығы 2,23 миллиард доллар (шамамен 1,1 триллион теңге) деп бағалануда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам