«Арсеналдың» бұрынғы футболшысы Қазақстан құрамасына қосылуы мүмкін

10.06.2025, 12:27

Футболшының әкесі мен анасы Қазақстанда дүниеге келген

«Арсеналдың» бұрынғы футболшысы Қазақстан құрамасына қосылуы мүмкін
Getty images

Грекияның ОФИ клубының 27 жастағы қорғаушысы Илиас Хадзитеодоридис Қазақстан құрамасында өнер көрсету мәселесін қарастыруға дайын.

BorodAbata.kz мәліметінше, аяқдоп шебері Қазақстан футбол федерациясымен диалогқа ашық. Футболшының әкесі мен анасы Қазақстанда дүниеге келген.

Лондондық «Арсенал» академиясының бұрынғы ойыншысы қорғаныстың сол қапталында өнер көрсетеді. Биылғы маусымда «қара-ақтар» сапында Хадзитеодоридис Грекия кубогының финалына дейін жетіп, әйгілі «Олимпиакостен» ұтылды (0:2). Бүгінде ол Қазақстан құрамасының жейдесін киюге дайын.

Футболшының ата-анасы 90-жылдарға дейін Шымкент қаласында тұрған, кейін репатриант ретінде Грекияға көшіп кеткен. Илиас Грекияның жастар құрамасына шақырылған, бірақ ересектер құрамасы сапында ешқашан алаңға шықпаған.

Бұған дейін Хадзитеодоридис «Астана» клубына ауысуы мүмкін деген де хабар тарап еді, алайда нақты келісімге қол жеткізілген жоқ. Англияда қорғаушы «Брентфорд» пен «Челтнем Таун» клубтарында да өнер көрсеткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам