Су тасқыны: футболшылар ақша жинады ма? "Реал" базасында Зиданмен бірге жаттықтық

Месси ФИФА-ның The best сыйлығын жеңіп алды

16.01.2024, 07:57

Ол Холанд пен Мбаппенің жолын кесті

Месси ФИФА-ның The best сыйлығын жеңіп алды
GETTY IMAGES

Футболдан Аргентина құрамасының және «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси ФИФА-ның жылдың ең үздік ойыншысына беретін жүлдесін жеңіп алды.

The Best FIFA Football Awards сыйлығын салтанатты табыстау рәсімі Лондонда өтті. 36 жастағы Месси бұл номинацияны осымен үшінші рет жеңіп алып отыр. 2019 және 2022 жылы да аргентиналық шабуылшыны ФИФА жылдың үздігі деп таныған.

Мессидің басты бәсекелесі саналатын Криштиану Роналду болса бұл жүлдені екі рет алған (2016 және 2017 жылдары).

Айта кету керек, аталған жүлдеге биыл Мессимен бірге норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд пен француз Килиан Мбаппе де таласты. Алайда «ардагер» футболшы жастардың жолын тағы орап кетті.

Дауыс беру нәтижесінен кейін Месси мен Холандтың жинаған ұпай саны бірдей болған. Бірақ, ережеге сәйкес кімге көп капитан дауыс берсе сол жеңіске жетуі тиіс. Бұл ретте аргентиналық шабуылшының мерейі үстем болды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт