ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Максим Самородов «Ахматтан» кетуі мүмкін

24.06.2025, 20:07

Самородов Ресей чемпионатында 24 матч өткізді

Максим Самородов «Ахматтан» кетуі мүмкін
championat.com

«Убойная_сила» telegram-арнаcының мәліметінше, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Грозныйдың «Ахмат» клубының сапынан кетуі мүмкін.

«Крылья Советов» сапында маусымды сәтті өткізген жартылай қорғаушы Иван Олейников енді мансабын Грозныйдың «Ахматында» жалғастыруы мүмкін.

РПЛ-де орнын сақтап қалған клуб қосымша қаржыландыруға ие болып, трансферлік нарықта белсенді жұмыс істеуге кірісті. Махачкаланың «Динамо» клубының ойыншыларын қатарына қосқан грозныйлықтар Мансильямен келісімшартқа отырғанын жариялады. Келесі келісім Иван Олейниковпен жасалуы мүмкін.

Олейников Лечи Садулаевтың орнын басуы тиіс, инсайдерлердің жазуынша, ол ЦСКА клубына ауысады. Сонымен қатар, Максим Самородовтың трансфері де өзекті мәселе. Екі ойыншының сатылымынан түсетін қаражат «Ахматтың» қаржылық мәселелерін шешуге бағытталуы ықтимал», ¬- деп жазады дереккөз.

Айта кетейік, биылғы маусымда «Ахмат» РПЛ-де 14-орын алды. Ал Самородов Ресей чемпионатында 24 матч өткізіп, алты гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам