ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Ресейлік танымал футболшы 8 жылға сотталуы мүмкін

08.07.2025, 15:09

Футболшы төбелес ұйымдастырғаны үшін күдікті деп танылған

Ресейлік танымал футболшы 8 жылға сотталуы мүмкін
Сергей Елагин, «БИЗНЕС Online»

Ресейлік танымал футболшы Фёдор Смолов «Кофеманияда» төбелес ұйымдастырғаны үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

SHOT порталының хабарлауынша, қазір құқық қорғау органдары челябілік кәсіпкер зардап шеккен оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Егер дәрігер қорытындысы бойынша жарақат ауыр деп танылса, Фёдор Смоловқа қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 111-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Зардап шеккен азамат – 52 жастағы Владимир Кузьминов – тұрғылықты жері бойынша Челябіде медициналық тексеруден өткен. Ол дәрігерлердің ресми қорытындысын Мәскеуге жіберуі тиіс. Әзірге оның қандай жарақат алғаны анықталған жоқ, бірақ интернетте оның бет сүйектерінің сынғаны жайлы ақпарат тараған еді. Сондықтан футболшы бұл заң жүзінде «ауыр дене жарақатын» келтірді деген айыппен сотталуы мүмкін.

Оқиға 28 мамыр күні таңғы сағат жеті шамасында Мәскеудің Никитская көшесіндегі «Кофемания» мейрамханасында болған. Айта кету керек, дәл сол жерде кезінде футболшылар Мамаев пен Кокорин де мемлекеттік қызметкерді соққыға жыққан болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, Смолов төбелестен кейін жәбірленушіге 5 миллион рубль төлеуге уәде берген, бірақ іс жүзінде тек 1 миллион ғана аударған.

Осыдан кейін белгісіз тұлғалар Смоловпен байланысқа шығып, оқиғаның бейнежазбасын интернетке жүктемеу үшін одан қосымша ақша талап ете бастаған. Нәтижесінде футболшы өзі полицияға барып, бопсалау фактісі бойынша арыз жазған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам