Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Ақтөбеге» күмәнді пенальти белгілеген төрешінің желідегі парақшасына 2 мыңнан астам пікір жазылды

25.07.2025, 01:25

Кристоффер Хагенес 2016 жылдан бері төрешілікпен айналысады.

«Ақтөбеге» күмәнді пенальти белгілеген төрешінің желідегі парақшасына 2 мыңнан астам пікір жазылды
Nettavisen.no

UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» өз алаңында Чехияның  «Спарта» командасынан басым түсті.

Матч 2:1 есебімен аяқталды. Есепті командаға жақында қосылған Дэниел Соса ашты. Сосын екінші таймда қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев мергендігімен көзге түсті. Ол Сосаның пасын керегіне жаратып, жеңіс голын соқты. Өкінішке қарай, ойын соңына қарай норвегиялық төреші Кристоффер Хагенес «Ақтөбе» қақпасына күмәнді пенальти белгіледі. Нүктеге келген Велько Бирманчевич мүмкіндікті мүлт жібермеді.

Ойыннан кейін қазақстандық жанкүйерлер норвегиялық төрешінің жеке парақшасына әр түрлі пікірлер жазып жатыр. Бірер сағаттың ішінде 2000-нан пікір жазылған.

Айта кетейік, 35 жастағы Кристоффер Хагенес 2016 жылдан бері төрешілікпен айналысады.

Енді қарымта кездесу 31 шілде күні өткізіледі.

«Ақтөбе» еурокубок ойындарын Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінен бастап, бұл жолы Польшаның «Легия» командасына (0:1, 0:1) есебімен жол берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 7
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам