Әйелінің көзіне шөп салған әйгілі футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина әлемнің ең табысты спортшыларының қатарына қосылды

16.10.2023, 23:33

Рейтингтің көшін Арина Соболенко бастап тұр

Елена Рыбакина әлемнің ең табысты спортшыларының қатарына қосылды
РБК

2023 жылы ең көп табыс тапқан әлемнің үздік ракеткаларының есімі белгілі болды. Олардың арасында қазақстандық Елена Рыбакина да бар. Теннистен әйелдер арасында табыстылар тізімінде төртінші сатыға тұрақтаған ол жыл басынан бері 4,6 млн доллар ақша тапқан.

Ал бұл рейтингте бірінші орын белорусь теннисшісі Арина Соболенко тиесілі. Ешкімге дес бермей келе жатқан Соболенко бұл тізімде 7,3 млн доллармен көш бастап тұр.

Ерлер арасында төрткүл дүниенің ең табысты ракеткасы мәртебесі сербиялық Новак Джоковичке бұйырды. Ол қаңтар айынан осы уақытқа дейін 10,5 млн доллар пайда тапқан.

«Теннисология» телеграм-арнасының жазуынша, әлемнің ең қалталы теннисішілерінің биылғы тізімі төмендегідей:

WTA (әйелдер)

1. Арина Соболенко — $7,3 млн
2. Коко Гауфф — $5,5 млн 
3. Ига Швентек — $5,4 млн 
4. Елена Рыбакина — $4,6 млн
5. Маркета Вондроушова — $4,2 млн 
6. Джессика Пегула — $4,1 млн 
7. Каролина Мухова — $2,8 млн 
8. Онс Жабер — $2,7 млн 
9. Петра Квитова — $2,4 млн 
10. Мэдисон Киз — $2,3 млн

ATP (ерлер)

1. Новак Джокович — $10,5 млн 
2. Карлос Алькарас — $9,6 млн
3. Даниил Медведев — $7,82 млн 
4. Янник Синнер — $5,13 млн 
5. Андрей Рублёв — $4,3 млн 
6. Стефанос Циципас — $4 млн 
7. Александр Зверев — $3,54 млн
8. Хуберт Хуркач — $3,74 млн 
9. Тейлор Фриц — $3,27 млн 
10. Хольгер Руне — $3,13 млн

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам