Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Гол көп болмайды»: ресейлік танымал сайт Финляндия – Қазақстан матчына болжам жасады

17.10.2023, 09:33

Екі құрама да Еуро-2024 жолдамасын алуға үмітті

«Гол көп болмайды»: ресейлік танымал сайт Финляндия – Қазақстан матчына болжам жасады
Фото ашық дереккөзден

Ресейдің танымал livesport.ru порталы 17 қазанда өтетін Финляндия – Қазақстан матчына болжам жасады.

Финляндия

Финляндия ұлттық құрамасы жеті ойыннан кейін турнир кестесінде 12 ұпаймен үшінші орында тұр. Осыдан екі тур бұрын Маркку Канерва шәкірттері кестенің көшін бастап тұрған болатын. Алайда, өз алаңында Даниядан, кейін сыртта Словениядан жеңіліп, Еуро-2024 жолдамасынан алыстап қалды. 

Қатарынан төрт бірдей жеңістен кейін фин футболшылары шаршап қалса керек, соңғы маңызды екі матчта ұпай жоғалтты. Яғни, командада құлдырау бар.

Қазақстан

Қазақстан құрамасында да 12 ұпай бар. Құрлық біріншілігіне жолдамадан әлі де үмітті. 

Соңғы матчта қазақтар жарыс фавориті Даниядан 1:3 есебімен жеңілді. Жалпы, соңғы үш ойынның екеуінде Қазақстан футболшылары жеңіліп қалған. Яғни, командада регресс байқалады. Сондықтан бүгінгі маңызды ойында ұпай алу өте қиынға соғады.

Болжам

Алаң иелері соңғы алты ойынның төртеуінде көп гол соға алмай келеді. Сондықтан, бұл матчта 2-ден көп гол соғылмайды, финдер жеңіске жетеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам