
Гвардиола жеке өміріне және денсаулығына назар аударғысы келеді
Атақты испан маманы Хосеп Гвардиола ағылшынның «Манчестер Сити» командасынан кеткеннен кейін бапкерлік қызметін уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы ол GQ журналына берген сұхбатында айтты:
⠀
«Мен «Манчестер Ситидегі» кезеңнен кейін міндетті түрде үзіліс аламын – бұл менің нақты шешімім. Бірақ үзілістің қанша уақытқа созылатынын білмеймін, бір жыл ма, екі, үш, бес, он, он бес жыл ма, оны уақыт көрсетеді. Бірақ «Ситиден» кейін өзіме, денсаулығыма көңіл бөлемін деп шештім. Атам үнемі: «Маған пойызға қарап тұрған сиырлар секілді қараңдар» деп айтып отыратын. Мен де өмірді, айналамды сырттай бақылап көргім келеді».
Гвардиола жеке өміріне және денсаулығына назар аударғысы келетінін айтып, футболдан уақытша алыстауды жөн көріп отыр.
Еске сала кетейік, Хосеп Гвардиоланың «Манчестер Сити» клубымен қазіргі келісімшарты 2026/27 маусымының соңына дейін жарамды.