Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Трансфер құны - 7,5 млн еуро: тағы бір өзбек футболшысы Еуропаға ауысты

30.07.2025, 22:12

Ол бұған дейін Мәскеудің ЦСКА командасында ойнаған

Трансфер құны - 7,5 млн еуро: тағы бір өзбек футболшысы Еуропаға ауысты
Матч ТВ

Түркияның «Истанбул Башакшехир» клубы өзбекстандық жартылай қорғаушы Аббосбек Файзуллаевтың қатарға қосылғанын ресми түрде растады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі жазды.

«Біздің клуб Өзбекстан ұлттық құрамасының футболшысы Аббосбек Файзуллаевпен бес жылдық келісімшартқа қол қойды. Ол бұған дейін Мәскеудің ЦСКА командасында ойнаған.

Файзуллаевқа отбасымызға қош келдің дейміз және оның команда сапында табысты өнер көрсетуіне тілектеспіз», – делінген түрік клубының Instagram парақшасында.

Трансфер құны 7,5 миллион еуроға бағаланған. Ал футболшының жылдық жалақысы 1 миллион еуроны құрайды.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов та Ыстамбұл клубына ауысқан. Ол мұның алдында Италияның «Рома» командасында өнер көрсетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам