Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Қызылжар» футболшысы бапкермен төбелесіп клубтан кетті

31.07.2025, 20:07

Черногориялық ойыншы өзін қолдағандарға алғыс айтты

«Қызылжар» футболшысы бапкермен төбелесіп клубтан кетті
ҚФФ

Бүгін Петропавлдың «Қызылжар» клубы Черногория құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Дарко Зоричтің командадан кеткенін ресми түрде хабарлады. Ол 11 матчта 3 гол соққан болатын.

Match.KZ паблигінің мәліметінше, Зорич физикалық даярлық бойынша бапкермен төбелесіп қалған соң клубтан кету туралы шешім қабылдаған. Черногориялық ойыншының өзі жанжал болғанын жоққа шығармады:

«Командаға және онда жұмыс істейтін адамдарға деген құрметім үшін бұл жағдайды түсіндіруге асықпаймын. Тек клубтан кету туралы шешім қабылдағанымды айта аламын», – деді ол.

Ал ресми қоштасу сөзінде Зорич алғысын жаудырған:

«Жанкүйерлерге қолдауы үшін, бапкерлік құрамға, медицина қызметкерлері мен клуб қызметкерлерінің барлығына рақмет. Барлығыңызға амандық, отбасыларыңызға денсаулық тілеймін. Мен сіздерді ешқашан ұмытпаймын – сіздер мен үшін отбасыма айналдыңыздар. Бұл уақыт үшін шын жүректен рақмет!»

«Қызылжардың» физикалық дайындық бойынша бапкері – 31 жастағы Беларусь маманы Евгений Кресик. Айта кетсек, ол да Зоричпен қатарлас. Match KZ дерегі бойынша, ол да клубтан кетуі мүмкін.

Қазір «Қызылжар» ҚПЛ-да 14 команданың ішінде 9-орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам