Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Астана» «Зимбруды» жеңіп, Конференциялар лигасының үшінші кезеңіне шықты

01.08.2025, 10:14

Елордалық клуб 3:1 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің үшінші кезеңіне өтті

«Астана» «Зимбруды» жеңіп, Конференциялар лигасының үшінші кезеңіне шықты
ФК «Астана»

Қазақстандық «Астана» футбол клубы Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында молдовандық «Зимбру» командасын сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Кездесу Кишинев қаласындағы «Зимбру» стадионында өтті. Ойынға бельгиялық төреші Брам ван Дриске бастаған қазылар алқасы төрелік етті.

Бастапқы құрамдар:

«Зимбру» (Молдова): Чеботарь, Золотов, Бургиу, Штефан, Доссо, Диогу Родригеш, Бруну Пош, Лу Ранера, Клещенко, Шарковский, Козловский.

«Астана» (Қазақстан): Чондрич, Вороговский, Аманович, Казуколовас, Бартолец, Калаица, Грипши, Башич, Камара, Чинеду, Томасов.

Ойынның алғашқы жартысында-ақ «Астана» қарсыласынан басым түсті. 18-минутта Джеффри Чинеду есеп ашса, үш минуттан кейін Усман Камара есепті 2:0-ге жеткізді. Екінші таймда есеп өзгермей, кездесу дәл осы нәтижемен аяқталды.

Алғашқы матчта командалар 1:1 есебімен тең ойнаған еді. Осылайша, қос кездесудің қорытындысы бойынша елордалық клуб 3:1 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің үшінші кезеңіне өтті.

Келесі айналымда «Астана» Швейцарияның «Лозанна» клубының бірімен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам