Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Алты жасқа үлкен». Ламин Ямаль сүйіктісін ауыстырды

Бүгін, 09:54

Кейінірек оларды жағажайда сүйісіп тұрған жерінен байқаған.

«Алты жасқа үлкен». Ламин Ямаль сүйіктісін ауыстырды
Фото: instagram.com/nicki.nicole/

«Барселона» және Испания құрамасының жұлдызды вингері Ламин Ямаль өзінен алты жас үлкен қызбен қарым-қатынас орнатты.

Испаниялық жас футболшы Ламин Ямаль өзінен алты жас үлкен қызбен қарым-қатынас бастағаны туралы ақпарат тарады. Бұл жолы испаниялық жас жұлдыздың жүрегін 24 жастағы аргентиналық әнші Ники Николь жаулаған сыңайлы.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, 18 жастағы футболшы жаңа танысымен өзінің туған күнінде танысқан. Кейінірек оларды жағажайда сүйісіп тұрған жерінен байқаған. Тіпті, журналист Хави де Ойос олардың арасында жақын қарым-қатынас болғанын да айтқан.

«Ламиннің туған күнінде олар бірден тіл табыса қоймаған, бірақ флирт көп болды. Ал 24 шілде күні олар жағажайдағы дискотекаға барып, сол жерде сүйісіп, таңғы 4-те бірге кеткен», – дейді журналист.

Бұл жаңалық желіде қызу талқыланып жатыр.

Айта кетейік, Ники Николь — Аргентинада ғана емес, Испанияда да танымал әнші. Оның 2018 жылдан бері жарыққа шыққан туындылары арасында ең танымалы – Mamichula атты сингл. Бұл ән Аргентина мен Испания чарттарында бірінші орын алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам