Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Лионель Месси Олимпиада ойындарына қатысып, жаңа трофей жеңіп алмақшы

22.01.2024, 13:51

Ол 2008 жылы да Олимпиада чемпионы атанған

Лионель Месси Олимпиада ойындарына қатысып, жаңа трофей жеңіп алмақшы
Reuters

Лионель Месси Аргентина құрамасымен бірге биыл Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуды көздеп отыр. Осылайша ол өз жүлделерінің қатарын толтырмақшы.

D Sports сайтының жазуынша, Месси өзімен бірге Анхель Ди Марианы да аталған жарысқа қатысуға көндірген.

Олимпиада ойындарының ережесіне сәйкес, футбол құрамасындағы ойыншылардың жасы 23-тен аспау керек. Десе де, әр команда өз сапына үш ардагерді қосуға құқылы. Месси осы мүмкіндікті пайдаланғалы отыр.

Айта кету керек, Парижге баратын командалардың іріктеу турнирі Оңтүстік Америкада 22 қаңтарда басталады. Аргентина Чили, Парагвай, Уругвай және Перумен бір топта. Осы топтан үздік шыққан екі команда A тобындағы өзге екі командамен жұп құрып, өзара мықтыны анықтайды. Нәтижесінде, құрлықтан екі құрама команда Парижге жолдама алады.

Месси мен Ди Мариа 2008 жылы да Олимпиада ойындарына қатысып, чемпион атанған болатын. Бейжіңде өткен жарыстың финалында Аргентина Нигериямен кездесіп, 1:0 есебімен басым түскен. Жеңіс голын ол кезде Ди Мариа салған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам