Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Әлиев 13 футболшыны ұлттық құрама тізімінен алып тастады

26.08.2025, 21:28

Арасында Исламбек Қуат («Жеңіс»), Георгий Жуков («Ақтөбе») бар

Әлиев 13 футболшыны ұлттық құрама тізімінен алып тастады
ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алдағы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына қатысатын футболшылардың қорытынды тізімін жариялады.

Алғашқы кеңейтілген тізімнен 13 ойыншы ұлттық құраманың негізгі сапына енбей қалды.

Құрамадан тыс қалған футболшылар:

Қақпашылар:

Александр Заруцкий («Қайрат»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»).

Қорғаушылар:

Марат Быстров («Астана»), Роман Асранқұлов («Тобыл»), Александр Зуев («Тобыл»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»).
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Жеңіс»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Эльхан Астанов («Ордабасы»).

Шабуылшылар:Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»).

Алдағы ойындар:

4 қыркүйек – Қазақстан құрамасы өз алаңында Уэльспен кездеседі.
7 қыркүйек – ұлттық құрама Бельгияға қарсы сырт алаңда ойын өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам