Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Реал» емес, «Барселона» келгені дұрыс еді – Еркін Тапалов

04.09.2025, 11:21

Ұлым «Реал Мадридпен» матчты көруді асыға күтіп жүр

«Реал» емес, «Барселона» келгені дұрыс еді – Еркін Тапалов
ФОТО: Ильяс Омаров

«Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Еркін Тапалов Чемпиондар лигасындағы жеребе нәтижесіне қатысты пікір білдірді. Футболшының сөзіне қарағанда, ол ұлы үшін «Барселонаның» келгенін қалаған. 

«Жеребе қорытындысын қалай қабылдағанымызды өздеріңіз де көрген шығарсыздар. Осындай деңгейдегі клубтармен ойнайтынымызға, «Реал Мадридтің» Қазақстанға келетініне ел болып қуандық. Әлемнің үздік клубтары ғой. Ондай ұжымдармен ойнау кез келген футболшының арманы. Кезінде біз де армандадық», - деді Тапалов «Футбол жолы» YouTube арнасына берген сұхбатында.

Дегенмен футболшы Алматыға «Барселона» келсе екен деп тілеген екен. 

«Жеребе тарту рәсімінің алдында ұлыммен сөйлестім. Ол «Барселонаны» жақсы көреді. Әсіресе Ламин Ямальдің ойынын ерекше ұнатады. Сондықтан Алматыға «Барселона» келсе екен деген тілегін жеткізді. Ештеңе етпейді. Есесіне «Реал Мадрид» келеді. Ұлым сол ойынды көруге асық», - деп қосты футболшы. 

Аяқдоп шебері өзінен билет сұрап хабарласып жатқандарға да үндеу жасады.

«Мачты көруге ұлым мен анам келеді. Екеуі де менің басты жанкүйерлерім. Айтпақшы, билет сұрап жатқан жанкүйерлерге айтарым, бізде билет тарататын, артық сатып алатын мүмкіндік жоқ. Футболшыларға бес билет қана беріледі, ал оларды біз ең жақын деген адамдарымызға береміз. Сондықтан ренжімеңіздер. Қазір біздің басты мақсатымыз – тыңғылықты жаттығу жасап, бар өнерімізді алаңда көрсету. Сол үшін футболшыларды артық алаңдатпаған жөн», - деп түйіндеді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам