ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Темірлан Анарбеков алдағы матчтарға қатыспайтын болды

Бүгін, 12:04

Қақпашы ақтөбелік Жайро Жанмен соқтығысып, ауыр жарақат алды

Темірлан Анарбеков алдағы матчтарға қатыспайтын болды
әлеуметтік желі

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков төменгі жақ сүйегін сындырып, алдағы ойындарға қатыса алмайды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Алдын ала қойылған диагноз – төменгі жақ сүйегінің сынуы. Өкінішке қарай, Темірлан жақын арадағы матчтарға шыға алмайды. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі», - деді «Қайрат» футбол клубының медиа-офицері Арман Жақсығұлов.

Айта кетейік, Алматыдағы «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы Премьер-лиганың 23-тур ойынында күтпеген жағдай болды. Ойынның 10-минутында алматылық клубтың негізгі қақпашысы әрі ұлттық құраманың ойыншысы Темірлан Анарбеков қарсылас Жайро Жанмен соқтығысып, ауыр жарақат алды. Қақпашының жақ сүйегі сынғаны анықталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам