«Қайрат» U-19 – «Реал Мадрид» U-19 матчы көрерменсіз өтеді
30 қыркүйек күні Талғат Сегізбаев атындағы академия алаңында УЕФА Жастар лигасының аясында «Қайрат» U-19 және «Реал Мадрид» U-19 командалары кездеседі. Ойын түскі 12:00-де басталады.
Клубтың шешімі бойынша матч жабық форматта өтеді. Оған тек клуб қызметкерлері, Академияның жаттықтырушылар құрамы және жас ойыншылардың ата-аналары ғана кіре алады. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы аккредитация арқылы қатысу мүмкіндігіне ие болады. Журналистерге арналған өтінім қабылдау тәртібі жайлы ақпарат жақын күндері жарияланады.
«Мұндай шешім Академия стадионының сыйымдылығына байланысты қабылданды. Нысанда бар болғаны 250 көрерменге арналған орын бар. Футбол клубы «Қайрат» жанкүйерлердің түсіністік танытқаны үшін алғыс білдіріп, команданы экран алдында қолдауға шақырады. Жақын уақытта матчтың тікелей трансляциясы туралы толық ақпарат жарияланатын болады», – делінген клуб таратқан ақпаратта.