ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Жеңіс» футбол клубының ойыншысы жол апатынан көз жұмды

23.09.2025, 21:43

Футболшы Виктория Кайсаринова жол апатынан қаза тапты 

«Жеңіс» футбол клубының ойыншысы жол апатынан көз жұмды
Әлеуметтік желі

«Жеңіс» футбол клубы Виктория Кайсаринованың қаза табуына байланысты оның отбасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бүгін Павлодар-Астана тас  жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан футболшы Виктория Кайсаринова көз жұмды. Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамаған. Осы жағдай жүк көлігімен соқтығысуға әкелді.

«Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Бұл біздің бүкіл клуб үшін ауыр және орны толмас қаза. Виктория жарқын ойыншы және нағыз дос болды. Біз оның отбасымен, туыстарымен және жақындарымен бірге қайғырамыз. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - делінген клубтың ақпаратында.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×