
Қалта көтермейтін баға, әрі елдегі ең төменгі жалақыдан үш есе көп
Испанияның El Debate газеті Алматының Орталық стадионында 30 қыркүйекте өтетін «Қайрат» пен мадридтік «Реалдың» Чемпиондар лигасындағы ойынына билет бағасын тым қымбат екенін жазған.
«Қазақстандағы ең төменгі айлық жалақы шамамен 100 000 теңгені (155 еуро) құрайды. Ал матч билеттерінің бағасы 30 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін, яғни 46,75 еуродан 400 еуроға жуық. Бұл – жанкүйерлердің басым бөлігі үшін қалта көтермейтін баға, әрі елдегі ең төменгі жалақыдан үш есе көп. Алматының «Қайрат» клубы «Реалдың» Қазақстанға келуінен жақсы табыс табуды көздеп отыр. Айта кету керек, мұндай баға саясаты УЕФА талаптарына сәйкес келеді, себебі ол турнир регламентіне және Чемпиондар лигасы матчтарын өткізудің халықаралық тәжірибесіне сай. Бірақ мәселе – ойынға бәрінің бірдей бара алмауында. Ең төменгі жалақы өзгермей тұрғанда, кейбір жанкүйерлер Мбаппе, Беллингем, Арда Гүлер немесе Винисиус Жуниор сияқты футбол жұлдыздарын көру үшін қарызға батқысы келмейді», – деп жазылған мақалада.
Еске салайық, бұған дейін «Қайрат» клубы матч билеті толықтай сатылып кеткенін мәлімдеген. Жалпы стадионға 23 мың адам кіруге болады.