ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Бағасы қымбат арзан стадион». Қызылордадағы стадион сынға ұшырады

26.09.2025, 11:13

ФИФА стандарттарына сәйкес келмейтін стадиондарды не үшін салады?

«Бағасы қымбат арзан стадион». Қызылордадағы стадион сынға ұшырады
Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылордадағы жаңа футбол стадионы сынға ұшырады, деп хабарлайды Sports.kz.

Қызылордада 11 мың көрерменге арналған стадион таныстырылды. Ол жергілікті «Қайсардың» өз алаңындағы ойынын қабылдайтын стадион болмақ. Спорттық нысан құрылысына 20,9 миллиард теңге (38,5 миллион доллар) жұмсалған.

«Қайсар Арена» құрылысы басталғаннан-ақ жобаны басқарушылардың шешімдері көп сұрақ туғызды: нысанды мамыр айында тапсыру жоспарланғанымен, жаз ортасына дейін құрылыс аяқталмаған; жаңа арена Түркістанда салынған стадионға күмәнді түрде қатты ұқсайды; табиғи емес, жасанды көгал төселді; клуб логотиптері де дизайнда болмаған.

Жаңа стадион таныстырылымынан кейінгі бейнежазба Instagram-дағы kzsports парақшасында қызу талқылауға себеп болды:

«Қымбат ақшаға салынған арзан стадион. Жемқорлар бұл ақшаны жай ғана иемденіп алды. Бұл – Қазақстан ғой. Осы қаржыға әлдеқайда әсерлі стадион салуға болатын еді. Біз мұны Түркістандағы аренада да көрдік — ақша жай ғана «желініп кетті», «ФИФА стандарттарына сәйкес келмейтін стадиондарды не үшін салады?»«Бұл дизайнды атам 45-жылы салған ба, әлде дәнекерлеушілер өздері сызып шыққан ба?», «38 миллион долларға Еуропада 25 мың орындық стадион салып береді», «Бір жылдан соң тағы 38 миллионға реконструкция жасайды», «Қала өсіп жатыр, халық та көбейеді. Ал мұнда 11 мың орындық қана стадион. Болашаққа сенімсіз салынған сияқты», «Неге шетелдік құрылысшыларға бермейді? 38 миллионға олар табиғи алаң төсеп, 20–25 мың орындық салып берер еді. Бізде қымбат, сапасы жоқ. Бұл неге көтерілмейді?», «Қазақстанда осындай орындық шығаратын бір зауыт бар сияқты. Ақтаудағы Есенов Университетінің жаңа стадионында да дәл сондай трибуналар тұр», «Әкімшілік, бұл аренаға бұл ақша лайық емес», «Жасанды көгалды қоя беріңдерші, футболды масқара қылдыңдар», «Ұят дизайн, сапасы да, сыйымдылығы да сын көтермейді. Тағы да жасанды алаң!», – деген пікірлер жазылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 1

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам