Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

«Ордабасының» 4,2 млрд теңге қарызын Шымкент әкімдігі жауып берді

29.01.2024, 21:07

Клуб Еуромаусымға дайындалып жатыр

«Ордабасының» 4,2 млрд теңге қарызын Шымкент әкімдігі жауып берді
Ордабасы ФК

«Ордабасы» клубының бұрынғы басшылығынан «мұра» болып қалған 4 млрд теңгеден астам қарызды Шымкент қаласы әкімдігі жауып берді. Бұл туралы қала басшысы Ғабит Сыздықбеков жергілікті жанкүйерлермен кездесу барысында айтты.

Айта кетейік, «Ордабасы» Қазақстанның соңғы чемпионатын жеңіп алған. Қазір клуб оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Биыл олар Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.

«Клубтың жылдар бойы қордаланған қарызы 4,2 млрд теңгеге жеткен болатын. Күрделі мәселе әкім тапсырмасына сәйкес шешімін тапты. Қазіргі таңда клуб берешегі толықтай жабылып, УЕФА чемпиондар лигасына қатысатыны ескеріліп, жергілікті бюджет есебінен биылғы жылға 4,3 млрд теңге қаржы бөлінді. “Ордабасы” клубы Еурокубок ойындарына қарызсыз қатысатын болады», - делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, жиында «Ордабасы» президенті Бауыржан Абдубаитовтың мәселесі де көтерілді. Жыл басынан бері БАҚ беттерінде маманның отставкаға кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Алайда, артынша мұның жалған екені анықталды.

Б.Абдубаитовтың өзі 2023 жылдың басында ойыншылармен 2 жыл мерзімге келісімшарт жасалғанын, оның бұзылмайтынын және 2025 жылға дейін команда құрамының өзгермейтінін мәлімдеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам