ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Стадиондар қаңырап бос тұр». Бектенов спорт саласын сынға алды

04.11.2025, 12:47

Ең басты мақсат – әрбір тұрғынға қолжетімді спорт алаңдарын көбейтіп, ауыл-аймақтарда да заманауи спорт нысандарын салу.

«Стадиондар қаңырап бос тұр». Бектенов спорт саласын сынға алды
Үкімет

Мемлекет бизнестен тек пайда емес, қоғамға пайда әкелетін бастамалар да күтеді. Үкімет отырысында осылай деген премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамыту ортақ міндет екенін айтты.

«Әрбір қазақстандықтың өмір салтына айналуы тиіс спорттың дамуы мемлекет басшысының үнемі назарында. Біздің міндет – халықтың спортпен қамтылу деңгейін арттырып, кәсіби спортшыларға лайықты жағдай жасау», – деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде еліміздің барлық өңірінде спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Ең басты мақсат – әрбір тұрғынға қолжетімді спорт алаңдарын көбейтіп, ауыл-аймақтарда да заманауи спорт нысандарын салу.

«Барлық өңірде спорт инфрақұрылымын біркелкі дамыту және тұрғылықты жерлерге жақын спорт алаңдарының желісін құру қажет. Сондай-ақ клубтар мен секцияларды дамытуды да назардан тыс қалдырмау керек», – деді Бектенов.

Сонымен қатар премьер-министр жаңа нысандар салумен қатар, бар спорт ғимараттарын тиімді пайдалану мәселесіне де тоқталды.

«Мәселен, Алматы облысының Талғар қаласында орналасқан «Жастар» стадионы бос тұр. Тұрғындар спорттық іс-шаралардың өтпейтініне, секциялардың жоқтығына шағымдануда. Бұл жүйелі бақылаудың әлсіздігін көрсетеді. Туризм және спорт министрлігі мен әкімдіктер нысандардың мақсатты әрі тиімді жұмысын қатаң бақылауға алуы тиіс», – деді ол.

Соңғы жылдары спорт нысандарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, былтыр 90 жаңа нысан пайдалануға берілсе, оның 61-і ауылдық жерлерде салынған.

«Бұл – өте маңызды көрсеткіш. Биыл тағы 102 нысан пайдалануға беріледі», – деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Бектенов мемлекеттік қаржыны үнемдеу мақсатында әкімдіктерге жеке инвестиция тарту және үлгілік жобаларды кеңінен пайдалану қажеттігін еске салды. 

«Мемлекет бизнеске қолдау көрсетіп отыр. Енді бизнестен де әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамытуда жауапты қадамдар күтеміз», – деді премьер-министр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам