ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Қазақстан футболы жоғары деңгейде». Давид Лория Үкіметте мақтанды

Бүгін, 11:17

Қарағандыда «Шахтерге» Тимур Турлов 18 млрд теңге қаржы құятыны айтылды

«Қазақстан футболы жоғары деңгейде». Давид Лория Үкіметте мақтанды
Фото: КФФ

Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория отандық футбол туралы баяндама жасады.

Ол өз сөзінде «Қайсар» клубының жекеменшікке өткенін айтты. Клубқа 12 млрд теңге инвестия салынады деп күтілуде. «Қызылжар» 7 қарашаға дейін инвесторға беріледі деп отыр. Демеуші жыл сайын клубқа 1 млрд теңге қаржы салады екен. Астананың «Жеңіс» клубы да дәл уақытқа дейін кәсіпкердің иелігіне ауысады.

Қарағандыда «Шахтерге» Тимур Турлов 18 млрд теңге қаржы құятыны айтылды. Оның 12 миллиард теңгесі академия құрлысына, қалғаны балалар-жасөспірімдер футболын дамытуға жұмсалады.

«Бұл жетістік қазақстандық футболдың жоғары деңгейін дәлелдейді және болашақ жұлдыздарды халықаралық стандарттар бойынша даярлаудың жаңа мүмкіндіктерін ашып, еліміздің әлемдік аренадағы орнын нығайтады», - дейді Давид Лория.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам