Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

«Ливерпуль» – «Челси» ойынында ерекше рекорд тіркелді

01.02.2024, 14:45

Матч 4:1 есебімен аяқталды

«Ливерпуль» – «Челси» ойынында ерекше рекорд тіркелді
Getty Images

«Ливерпуль» шабуылшысы Дарвин Нуньез «Челсиге» қарсы болған матчта допты қақпа бағанына төрт рет тигізіп, АПЛ-дің ерекше рекордын тіркеді.

Ағылшын Премьер-лигасының кезекті туры аясында қос команда өзара мықтыны анықтаған болатын. Осы ойында алаң иелері жеңіске жеткенімен, шабуылшы Дарвин Нуньездің жолы болмай-ақ қойды. Ол гол соғатын төрт мүмкіндігін де пайдаланған жоқ, соққыларының бәрі қақпа бағанына тиді. Бұрын-соңды АПЛ-де бір ойыншы бір матчта осыншама рет бағана «көздемеген».

Нуньездің бірінші мүмкіндігі сегізінші минутта болды. Ол тепкен доп қақпа маңдайшасынан кері қайтты.

Екінші жағдайда Дарвин қақпаны дәл көздегенімен, «Челси» қақпашысы сэйв жасап, оның қолынан серпілген доп бағанға тиіп гол болмады.

Ал, бірінші таймның соңында төреші лондондықтар қақпасына пенальти белгілеп, Дарвин Нуньез тағы да бағанды дәл көздеді.

Уругвайлық шабуылшы екінші таймда да гол соғу үшін барын салды. Бірақ, оның тепкен добы тағы да бағанға тиіп кері кетті.

Нәтижесінде «Ливерпуль» 4:1 есебімен матчты жеңіспен аяқтады. Олар қазір турнир кестесінде бірінші орынға нық жайғасқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам