ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Барыс» Башқұртстан кубогына қатысады

Бүгін, 14:26

Клуб жаңа маусымдағы капитандық құрамын анықтады

«Барыс» Башқұртстан кубогына қатысады
hcbarys.kz

Астананың «Барыс» клубы жаңа маусым алдында команда капитаны мен оның көмекшілерін анықтады. 

Жаңа маусымда Кирилл Савицкий «Барыстың» капитаны міндетін атқара береді. Ал оның көмекшілері ретінде Джейк Масси, Самат Данияр және Мэйсон Морелли бекітілді.

Клуб қазіргі уақытта маусым алдындағы дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтаған астаналық команда 17-20 тамыз аралығында өтетін Башқұртстан Республикасы кубогына қатысады.

Одан кейін «Барыс» 27-30 тамыз күндері Николай Пучков атындағы турнирде өнер көрсетеді.

Маусым алдындағы дайындық аяқталған соң Михаил Кравец шәкірттері ҚХЛ-дағы жаңа маусымды өз алаңындағы ойындармен бастайды. Астаналық клубтың алғашқы қарсыласы 7 қыркүйекте «Сибирь» болады.

Одан кейін «Барыс» 9 қыркүйекте «Салават Юлаевпен», ал 12 қыркүйекте «Амурмен» кездеседі.

 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам