Канада билігі Ресей хоккейшілеріне виза бермейтін болды

Бұл туралы ел премьер-министрі Марк Карни мәлімдеді

© Verity Griffin - FIFA / Contributor /FIFA
© Verity Griffin - FIFA / Contributor /FIFA

Канада үкіметі ресейлік хоккейшілерге ел аумағында өтетін халықаралық жарыстарға қатысу үшін виза бермейді. Бұл туралы ел премьер-министрі Марк Карни мәлімдеді, деп хабарлайды CTV News.

Үкімет басшысының айтуынша, бұл шешім, ең алдымен, 2026 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Турнир 26 желтоқсан мен 2027 жылғы 5 қаңтар аралығында Канаданың Эдмонтон және Ред-Дир қалаларында өтеді.

«Егер сіз жастар арасындағы әлем чемпионатын айтып отырсаңыз, онда ресейліктер бұл турнирге қатыспайды. Бұл шара Ресей мен Беларусь халықтарына қарсы бағытталмаған. Біздің мақсатымыз – Ресей мен Беларусь үкіметтерінің Канадада өтетін халықаралық спорттық жарыстарды мемлекеттік мүдделерін таныту алаңы ретінде пайдалануына жол бермеу», – деді Марк Карни.

Айта кетейік, бұған дейін Спорттық арбитраж соты (CAS) Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) Ресей құрамаларының халықаралық жарыстарға қатысуына кедергі келтірген бес шешімінің күшін жойған болатын. Сот шешімі 2026/27 жылғы маусымдағы жарыстарға қатысты.

Осыған байланысты Ресей құрамасының Канададағы жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі талқыланып жатыр. «Матч ТВ» мәліметінше, виза мәселесі туындаған жағдайда Ресей хоккей федерациясы Канадаға кіруге рұқсаты бар немесе Солтүстік Америкада жүрген ойыншыларды командаға шақыру нұсқасын қарастыруы мүмкін. Мұндай тәсіл жаттықтырушылар штабына да қатысты қолданылуы ықтимал.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам