«Барыс» бас бапкерінің туған күнінде жеңісті жұлып алды

Владивостоктың «Адмирал» командасын 4:2 есебімен жеңді

ХК “Барыс”
ХК “Барыс”

Астаналық «Барыс» Континенталдық хоккей лигасының кезекті матчында Владивостоктың «Адмирал» командасын 4:2 есебімен жеңді.

Кездесу қонақтардың басымдығымен басталды. Алдымен Мэйсон Морелли есеп ашқанымен, бірінші кезеңнің соңғы минутында «Адмирал» ойыншылары небәрі 35 секунд ішінде екі шайба соғып, алға шықты.

Екінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Ал шешуші кезеңде Аркадий Шестаков таразы басын теңестірсе, Всеволод Логвин дубль жасап, елордалық клубқа жеңіс сыйлады. Ол соңғы шайбаны қарсылас қақпашысы алаңнан кеткен сәтте бос қақпаға соқты.

Осылайша, «Барыс» бас бапкері Михаил Кравецтің туған күнінде маңызды жеңіске қол жеткізді.

Астаналық клуб келесі кездесуін 15 қарашада өз алаңында Магнитогорскінің «Металлург» командасына қарсы өткізеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам