Ойыншылардың көбі «Барыс» командасынан шақырылған
10-26 мамыр аралығында Чехияда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Айтулы жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады. Жерлестеріміз «B» тобында өнер көрсетіп, плей-офф жолдамасына таласады.
«B» тобында Қазақстаннан бөлек Франция, Германия, АҚШ, Латвия, Польша және Словакия бар. Топтан плей-офф кезеңіне алғашқы екі орынды иеленген командалар шығады.
Қазақстан құрамасы Прагаға 5 мамырда келіп, Ұлыбритания командасымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы Қазақстанның хоккей федерациясы мәлімдеді. Ал, бапкерлер штабы әлем чемпионатында өнер көрсететін құраманы жариялады.
Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі де «Барыс»), Сергей Кудрявцев («Арлан»);
Қорғаушылар: Дмитрий Бреус («Торпедо»), Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров (барлығы «Барыс») Артем Королев, Мәди Диханбек (екеуі де «Номад»), Леонид Метальников («Адмирал»), Валерий Орехов («Металлург»)
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Савицкий, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков (барлығы «Барыс»), Олег Бойко («Номад»), Дмитрий Гренц («Арлан»), Никита Михайлис, Максим Мухаметов (екеуі де «Металлург»), Кирилл Панюков («Амур»).