Ұлттық құрама әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысады. Чехиядағы әлем чемпионатынан кейін федерация Ғалым Мәмбетәлиевті босату туралы шешім қабылдаған.
Шайба.kz сайтының жазуынша, енді бас бапкер қызметін Канада азматы Дэвид Немировски атқарады. Ол жақында Астананың «Барыс» клубының бас бапкері болған. Енді екі қызметті қатар атқармақ.
Немировски 4 маусым Ресейдің «Торпедо» клубын жаттықтырған. Үш рет команданы плей-оффқа алып шыққан. Биылғы маусымды «Сибирь» сапында бастап, 2023 жылдың желтоқсанында отставкаға жіберілді. Ешқашан ұлттық құрама тізгінін ұстап көрмеген.
Ғалым Мәмбетәлиев болса, соңғы екі әлем чемпионатында ұлттық құраманы элиталық раундта сақтап қалды. Бұл жолы Чехия мұз айдынында ұлттық құрама Франция және Польшаны жеңді. Бірақ плей-оффқа шықпады.